«Астана» командасы Израильге аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» командасы Израильге аттанды

«Астана» командасы Израильге аттанды

«Астана» футбол клубының ойыншылары мен бапкерлер құрамы Израиль астанасы Тель-Авивке аттанды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

  • 31 Қазан 2017
  • 490
Фото - Caravan.kz

Елордалық ұжым бейсенбі күні (Астана уақытымен 3 қараша, жұма, 00:00) УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңінің 4-туры аясында жергілікті «Маккаби» командасына қарсы алаңға шығады. Ойын ел астанасынан 30 шақырымда орналасқан Нетания қаласындағы «Нетания» стадионында өтеді. 

«Нетаниядағы» ойынға қатысатын футболшылар тізімі де жарияланды.

Қақпашылар: Ненад Эрич, Абылайхан Дүйсен, Александр Мокин; Қорғаушылар: Игорь Шитов, Марин Аничич, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Сергей Малый, Абзал Бейсебеков, Берік Шаихов;

Жартылай қорғаушылар: Срджан Граховац, Серікжан Мужиков, Иван Маевский, Марин Томасов, Асхат Тағыберген;


Шабуылшылар: Джуниор Кабананга, Патрик Твумаси, Джордже Деспотович, Владислав Прокопенко және Роман Муртазаев.  Команда бүгін «Нетанияда» алғашқы жаттығу жұмыстарын өткізеді. Ал ертең ойын алдындағы жаттығу жұмысы мен баспасөз мәслихаты өтеді.  Ойынды «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, трансляция 2 қараша, 23:50-де басталады.

 

Соңғы жаңалықтар