Жарияланды: 370

1 желтоқсанда 20 000 теңгелік банкнот айналымға шығады

Жыр болған жиырма мыңдық теңге ақыры жарыққа шықты. Бұрын-соңды қолданылмаған ғарыштық технологиямен басып шығарылған купюра ертеңнен бастап айналымға түседі.

Марченконың кезінде басылып, кезегін көп күткен 20 мыңдық банкнот осы. Бүгін оны бірінші рет көрсеткен Ұлттық Банк бұл ақшаның ең соңғы технологиямен басып шығарылғанын айтып мақтанды. Тек ғарыштық аппараттарда ғана қолданылатын бояумен әрленген екен. Яғни, қатты ыстықта да түсі ағармайды. Бізден кейін бұл әдісті әлемде екінші боп Швейцария қолданбақшы. Дүниежүзінде баламасы жоқ ақша әдеттегідей таза мақтадан жасалмай, қос қабаты «дюрасейф» деген материалмен қапталған. Ал ортасында қылдай жіңішке пластик бар. Түсі –күлгін. Десе де, жарыққа түрленіп тұрады. Қорғаныс қабығының мықтылығы сонша, көшірмесін жасау мүмкін емес деп сендірді мамандар. Теңгенің тағы бір ерекшелігі сол – көзі көрмейтін жандар ұстаса, оның 20 мың теңге екенін бірден біле қояды.

Әли Меңдібай, теңге дизайнері:

-Көп тесттен өткізілді уақытында. Ұлы мерекеге айналымға шығарайын деп отырмыз. Бұны өзіміздің банкнот фабрикасында басып шықыты Алматыда. И бүкіл процестерін өзіміз жасап шықтық. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін