«11 жыл бойы зорлаған»: Алматы облысында қос қызына қорлық көрсеткен әке туралы жаңа ақпарат тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «11 жыл бойы зорлаған»: Алматы облысында қос қызына қорлық көрсеткен әке туралы жаңа ақпарат тарады

«11 жыл бойы зорлаған»: Алматы облысында қос қызына қорлық көрсеткен әке туралы жаңа ақпарат тарады

Алматы облысындағы қос қызын зорлаған оқиғаға қатысты тың деректер пайда болды.

  • 30 Мамыр 2023
  • 234
Фото - Caravan.kz

Белгілі болғандай апалы-сіңлілі қыздарды жылдар бойы зорлап кеткен өз туған әкелері әрі оны жасы 59-да екені анықталған, деп хабарлайды Caravan.kz.

Қазіргі таңда полиция аталған іске қатысты екі қылмыстық істі бастаған. Сондай-ақ құзырлы орган шулы оқиғаға қатысты ресми пікір білдірді.

«Қазіргі таңда қылмыстық заң бұзушылыққа жол берген күдіктінің қатысуымен барлық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар аса ауыр қылмысты жан-жақты әрі толығымен тергеуге бағытталған. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалған», — деп мәлім етті полицейлер.

Ал зәбір көрген қыздар тергеу жұмыстары аяқталғанша, полицейлердің қорғауына алынған.


Айта кетейік, күні кеше Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек ауылында қос қызын он жылдан астам уақыт бойы зорлап келген ер адам туралы ақпарат тараған еді. Қазіргі таңда оқиға расталып, жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.