14 шілдедегі саудада доллар қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
14 шілдедегі саудада доллар қымбаттады

14 шілдедегі саудада доллар қымбаттады

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,71 теңгеге көтеріліп, 446,46 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

  • 14 Шiлде 2023
  • 24
Фото - Caravan.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 62,49 теңге (+0,85) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 494,83 теңге, рубльді 4,92 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 445,5-448,5 теңге, еуро 496-500,5 теңге, ресей рублі 4,87-5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал, 14 шілдедегі саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны 0,14%-ға арзандап, барреліне 81,25 доллар болды.


NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының тамыз айындағы фьючерстері 0,14%-ға төмендеп, барреліне 76,78 доллар болды.