Жарияланды: 390

1-ші қазаннан бастап қызылшаға қарсы вакцинация қайта егіле бастайды

Елімізде 1-ші қазаннан бастап үлкен дау тудырған қызылшаға қарсы вакцинация қайта жалғасатын болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үндістандық екпеден ешқандай кінәрат таппаған. Отандық дәрігерлер де аты шулы препаратқа шаң жуытпай отыр.

Дәл осы вакцинадан соң жыл басында қатарынан бірнеше аймақта оқушылар мен студенттер жаппай естерінен танып, реанимациядан бір-ақ шыққан болатын. Кейін бюджеттің миллиондарына сатып алынған үнді екпесіне уақытша тыйым салынған. Енді талай шу тудырған сол препаратпен алдағы айдан бастап 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдерге жаппай екпе салынбақ. Тек бұл жолы мұндай жағдай қайталанбайды деп отыр дәрігерлер.

Жанар Анарбаева, Астана қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкері:

- Талай ауыр инфекциялық ауырулар талай ауыр асқынулардың барлығын тек қана вакцинация жасап бұлардың алдын алуға болады. Сондықтан мұны ата-аналар түсінуі керек. 19 жастағылар ересектер. Жас әрине 18-ге толмаған бала ата-анасының келісімі болады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін