Жарияланды: 450

20 000 және 50 000 теңгелік банкноттарды айналымға енгізу жоспарда жоқ - ҚР Ұлттық банкі

20 000 және 50 000 теңгелік банкноттарды айналымға енгізу жоспарда жоқ - ҚР Ұлттық банкі

Қазақстанның Ұлттық банкі 20 000 және 50 000 теңгелі банкноттарды айналымға шығаруды жоспарлап отырған жоқ.

Бұл туралы банктің баспасөз қызметінен хабарлады. 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қолма-қол ақша айналымының сұранысына байланысты жаңа ақша белгілерін шығару мәселесін қарастырған. Қазір айналымдағы теңге банкноттары Қазақстан Республикасындағы ақша айналымның қажеттілігін толық өтеп отыр. Сондықтан, қазіргі таңда 20 000 және 50 000 теңгелі банкноттарды айналымға енгізу жоспарда жоқ»,-деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін