20 жастағы бойжеткеннің жоғалып кетуіне қатысы бар күдіктінің кім екендігі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
20 жастағы бойжеткеннің жоғалып кетуіне қатысы бар күдіктінің кім екендігі анықталды

20 жастағы бойжеткеннің жоғалып кетуіне қатысы бар күдіктінің кім екендігі анықталды

Алматы облысында 20 жастағы бойжеткен Айзада Авлатарованың жоғалып кетуіне қатысы бар күдіктінің кім екендігі анықталды.

  • 9 Желтоқсан 2015
  • 1021
Фото - Caravan.kz

Жоғалып кеткен студент қыз туралы іс ҚР ІІМ қатаң бақылауына алынды.

Жедел-іздестіру тобын Алматы ІІД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Мәсімов басқарып отыр.

Қазіргі таңда іздеу жұмыстары күндіз-түні жалғасып жатыр.

«Жақын маңдағы жергілікті елді-мекендер түгел тінтілді. Оған Кербұлақ, Қапшағай, Іле, Қарасай, Жамбыл аудандарының жеке құрамы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Ұлттық ұланның жауынгерлері де тартылды. Табылған куәгерлердің арқасында күдіктінің кім екендігі анықталды.

1970 жылы туған бұл адам бұған дейін де бірнеше рет істі болған. Оның көлік ұрлау қылмысына да қатысы болуы ықтимал», — делінген хабарламада.

Айта кету керек, 20 жастағы Айзада Авлатарова Іле ауданы Жетіген ауылында із-түзсіз жоғалып кетті. Бойжеткен 3 желтоқсанда үйінен сабаққа шыққан. Соңғы рет біреулер оның белгісіз бір көлікке отырғанын көрген.


Қыздың жақындары балгерлердің көмегіне жүгінгенін де айтқан. Олардың болжауынша, Айзаданы біреулер қамап ұстап отыр.

Жақындары ақпарат білетін жандардан +7708 527 75 11, +7 708 926 34 17 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.