2006 жылы Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда айналымы 698,7 млн. АҚШ долларын құраған - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006 жылы Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда айналымы 698,7 млн. АҚШ долларын құраған

2006 жылы Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда айналымы 698,7 млн. АҚШ долларын құраған

АСТАНА. 19-сәуір. Kazakhstan Today. Тель-Авивте Қазақстан Республикасы мен Израиль мемлекеті арасында дипломатиялық қатынастар орнатудың 15 жылдығына орай салтанатты қабылдау өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР СІМ-іне сілтеме жасап.

  • 19 Сәуiр 2007
  • 622
Фото - Caravan.kz

Израильдің саяси, іскер және мәдени элитасы бұл іс-шараға үлкен көңіл бөлді. Құрметті қонақтардың арасында Израиль премьер-министрінің орынбасары Шимон Перес, премьер-министрдің орынбасары — Стратегиялық жоспарлау министрі Авигдор Либерман, Ұлттық инфрақұрылымдар министрі Биньямин Бен-Элиезер, Израильдің Бас Раввины Йона Мецгер, Кнессет депутаттары, жетекші холдингтер мен бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары болды.

Кешті Қазақстанның Израильдегі Елшісі Вадим Зверьков ашты. Ол «1992 жылы дипломатиялық қатынастар орнатылды, алайда біздің халықтарымыз арасындағы достық ғасырлар бойы созылып келеді», деп айрықша атап өтті. Сонымен қатар, осы күндері еліміздің Тель-Авивтегі Елшілігі ашылуының он жылдығы аталып өткенін хабардар етті.

Қазақстан, Израиль және аумақтағы басқа елдер Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бастамасын ойдағыдай ілгерлетуде. Израильдің бас раввиндері Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған дінаралық үнқақтығыста белсенді қатысып келеді.

Бүгінгі күні Израильге Қазақстанның жоғарғы технологиялық экономикасының дамуында маңызды рөл белгіленген. Осы тұрғыда Қазақстанның Қорғаныс министрлігі және Ұлттық инновация қоры мен венчурлық капитал делегацияларының Израильде сапармен болуы кездейсоқтық емес.

Нобель сыйлығының лауреаты Шимон Перес қабылдау меймандарын қазақстан-израиль дипломатиялық қатынастарының мерейтойымен құттықтады.

«Біз бүгін Президент Н.Ә.Назарбаевтың таңдап алған жолы мемлекет пен елінің игілігіне әкелгеніне және халықаралық қолдауға ие болғанына күә болып отырмыз.

Қазақстан — саясат пен экономика тұрғысынан ғана емес, нағыз қазіргі заманның тәуелсіз елі. Ол өзінің қиындықтарға толы өткен жылдарынан да босап шықты. Бостандықтағы тұлпардай алға, болашаққа ұмтылған ел», — деді Ш.Перес.

«Қазақстан жаңа әлемнің белсенді мүшесі ретінде халықаралық сахнада маңызды рөл атқаруға күш-жігер жұмылдыруда. Табиғи байлығы мол ірі мемлекет.

Қазақстан жер қойнауның байлығымен ғана шектелмейді, оның адами әлеуеті де ұланғайыр. Президент Н.Ә.Назарбаев білім беру, зерттеу, модернизацияға көп көңіл аударады», — деді вице-премьер.

Израильдік қауымға жолдауында Ш.Перес «Біз осы бірегей елмен ынтымақтастығымызды тереңдетуіміз қажет», деп атап көрсетті Оның пікірінше «достық», «ғылым» және «технологиялар» ұғымдары қазақстан-израиль қатынастарындағы басты болуы тиіс. Дәл осы үш сөз екіжақты ынтымақтастқтың жетістігін ұзақ мерзімге қамтамасыз етеді.

2006 жылы Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда айналымы 698,7 млн. АҚШ долларын құраған. Оның ішінде Қазақстанның Израильге экспорты 622,4 млн.долл. болса, Израильден келген импорт 76,2 млн.долл.құрады. Қазақстаннан Израильге мұнай мен мақта жеткізілсе, Израиль Қазақстан нарығына құрал-жабдықтар, ауыл шаруашылық өнімдер, пластмасса өнімдерін жөнелтеді.

Қазақстанда израильдік капиталының қатысуымен 105 кәсіпорын тіркелген. Олар негізінен мұнайгаз, металлургия, таукен және өндеу өнеркәсібі, кабель өнімдерін шығару, жылжымайтын мүлік, кәсіпорындарға қызмет көрсету, сауда салаларында жұмыс жасауда.

Израильдік бизнестің Қазақстан экономикасындағы көлемі 300 млн. доллардан асады, Израильге келген қазақстандық инвестициялардың мөлшері 50 млн. доллар шамасында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті