2007 жылдың қорытындысы бойынша Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы $16 млрд, Қазақстан мен Қытай арасында $10 млрд жетеді - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылдың қорытындысы бойынша Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы $16 млрд, Қазақстан мен Қытай арасында $10 млрд жетеді - Назарбаев

2007 жылдың қорытындысы бойынша Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы $16 млрд, Қазақстан мен Қытай арасында $10 млрд жетеді - Назарбаев

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылы Ресей мен Қазақстан арасында тауар айналымының мөлшері $16 млрд, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттық $10 млрд, құрайды деп мәлімдеді Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстанға акредиттелген шетелдің дипломатиялық корпусы алдында, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Желтоқсан 2007
  • 626
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы биыл $16 млрд жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда биыл 25% ұлғаяды. Ал Қытай арасындағы сауда-саттық көлемі 2010 жылға дейін $10 млрд дейін көбейту көзделген. Енді бұл міндеттер келер жылы орындалатын болады», — деді Н. Назарбаев.

«Қазақ-ресей қатынастары арасында энергетика, көлік және ғарыш салаларындағы бірлескен жобалар маңызды», — деп атап өтті мемлекет басшысы.

Президент еске салғанындай, «Біз Түркменстан арқылы Ресейге газтасымалы жүйесі бойынша жұмыс жасап, сондай-ақ, Теһраннан Түркменстан, Қазақстан, Ресей шойын жол табанын салудамыз. Бұл көлік айырғылары біздер үшін өте маңызды», — деп атап өтті ол.

Н. Назарбаев атап өткеніндей,»энергетикалық саласындағы жобалармен бірге экономикадағы шикізаттан басқа салалары бойынша қарым-қатынастар жандана бастады». «Шегарааралық сауда-саттық, инвестициялық қатынастар қарқынды дамуда», — деп айтты мемлекет басшысы.

«Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне мүдделі болғандықтан, көрші елдердің тұрақты экономикалық дамуына қол жеткізу үшін, ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын», — деп мәлімдеді ел басшысы.

Оның сөздері бойынша, «бүгінде каспий-қара теңіз аймағындағы бассейннің экономикасы жақсы дамуда». «Бұл мемлекеттер тиімді қатынастарды дамыту жағынан жолы үлкен екендігіне сенімдімін. Сондықтан, Қазақстан бүкіл Азияның экономикалық өркендеуі үшін, осы екі аймақтың күш-жігерін біріктіруге шақырады «, — деді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті