Агенттік мәліметіне сәйкес, соның ішінде азық-түлік тауарлары 5270 теңге, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 3514 теңгеге тең.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, есепті мерзімде халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 13 жасқа дейінгі балалар үшін 6997 теңге, 14 — 17 жас аралығындағы жігіттер үшін 11056 теңге, қыздар үшін 8470 теңге, 18 жастан жоғары еңбекке қабілетті халық, соның ішінде ерлер үшін 10475 теңге, әйелдер үшін 8318 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін 8194 теңге болды.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі — мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады.
Азық-түлік қоржыны 43 түрлі азық-түлік атауынан тұрады: ет, балық, сүт, май, нан, көкөністердің түрлері, жұмыртқа, қант, шай, қоспалар және тағы басқалар.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті