2008 жылы еліміздің оңтүстігінде 3,3 мың гектар жерге жаңа жүзімдіктер мен жеміс ағаштары отырғызылады - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылы еліміздің оңтүстігінде 3,3 мың гектар жерге жаңа жүзімдіктер мен жеміс ағаштары отырғызылады - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

2008 жылы еліміздің оңтүстігінде 3,3 мың гектар жерге жаңа жүзімдіктер мен жеміс ағаштары отырғызылады - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Астана. 17-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы Қазақстанның оңтүстігінде 3,3 мың гектар жерге жаңа жүзімдіктер мен жеміс ағаштары отырғызылады. Бұл туралы ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің алқа отырысында аталмыш министрліктің егін шаруашылығы және фитосанитарлық қауіпсіздік департаментінің директоры Анна Буць мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 17 Қаңтар 2008
  • 458
Фото - Caravan.kz

«Тамақ өнеркәсібі кластерінің негізі болып табылатын жеміс шаруашылығы мен жүзім шаруашылығын дамыту бойынша қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде 2007 жылы республиканың оңтүстік облыстарында 510 гектар жеміс ағаштары мен 695 гектар жүзімдіктер отырғызылды. Биыл тағы 3,3 мың гектар жерге осындай жемістер мен жүзімдіктер отырғызылады», — деді А. Буць.

Ол сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі республикада жеміс шаруашылығы мен жүзім шаруашылығын дамыту бағдарламасын жасағандығын еске салды. «Қазіргі уақытта жеміс-жидек пен жүзімді тұтынудың ұлттық нормасын отандық өнім бар болғаны 60 — 80 пайызға ғана қамтамасыз етіп отырғаны белгілі. Біз тиісті мемлекеттік қолдау болған жағдайда 2012 жылға дейін бұл мәселені шешетін бағдарламаны жасап шығардық», — деді Ауылшаруашылығы министрлігінің департамент директоры.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті