2016 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалығы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2016 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалығы басталды

2016 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалығы басталды

2016 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ететін ел болды.

  • 1 Қаңтар 2016
  • 902
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 2015 жылғы 21 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа төрағасы Виктор Христенко ресми мәлімдеген болатын.

«2016 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ететін ел болады және соған сәйкес Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесті басқарады», — деді В.Христенко.

Сондай-ақ 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның жаңа құрамы жұмысына кіріседі.