2016 жылы KEGOC акциялары 30% өсуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2016 жылы KEGOC акциялары 30% өсуі мүмкін

2016 жылы KEGOC акциялары 30% өсуі мүмкін

Қазақстандық қор биржасында "KEGOC" АҚ-ның бір акциясының құны 2016 жылы 30%, осы жылдың соңына дейін 10% өсуі мүмкін,

  • 29 Қыркүйек 2015
  • 554
Фото - Caravan.kz


деп санайды "Фридом Финанс" ИК бас директоры Тимур Тұрлов.
"Акция жылдың соңына дейін 600 теңге, келесі жылы 700 теңге шамасында болуы ықтимал. Қазір акциялар 540 теңге тұрады, менің ойымша, олардың ақшаны теңге күйінде орналастырғандарға қосымша жайлы жағдай туғызарлық әлуеті бар, өйткені компания  әділ бағалауларға қол жеткізетін болса, ол инвесторларға долларға шақанда ақша табуға мүмкіндік бермек», деді Т.Тұрлов "Интерфакс-Қазақстанға".
Оның пікірінше, KEGOC акцияларының елеулі әлуеті бар.
Бұл туралы ол сейсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
25 қыркүйекте "Фридом Финанс"-қа KEGOC акциялары бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілген болатын.
Маркет-мейкерлер туралы KASE ережесіне орай бір күнде ол жоқ дегенде 3,9 млн теңге көлемінде сату мен сатып алудың бір котировкасын қолдауы шарт.
"Халықтық IPO" бағдарламасы аясында KEGOC жай акцияларының 25 млн 999,999 мың данасы орналастырылған болатын. Бір акцияның құны 505 теңге.