2016 жылы теміржол билеттерінің бағасы қымбаттамайды - ҚТЖ
![]() |
2016 жылы теміржол билеттерінің бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Берік Қамалиев мәлім етті. |
«Жалпы, бүгінде республика ішіндегі əлеуметтік маңызды жолаушылар тасымалы бюджет есебінен сусбидияланады. Тариф өз есебінен шығындарды жаба алмайтынына қарамастан, ТМД елдері арасында «Қазақстан темір жолы» компаниясының тарифтері - ең арзаны. Ең соңғы рет темір жол билетінің бағасы 2014 жылы қымбаттаған болатын. Биыл баға тұрақты болды жəне келесі жылы, яғни, 2016 жылы билет бағасы өспейді», - деп атап өтті вице-президент.
Оның айтуынша, халықаралық тасымал бойынша да билет бағасы қымбаттамайды. Сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасында 45 пайызға дейін жеңілдік жүйесі күшін жоймайды.
«Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарының билет бағасын көтеру де көзделіп отырған жоқ», - деп мәлім етті Б.Қамалиев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін