Жарияланды: 590

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан бағаны реттеуден бас тартады

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан бағаны реттеуден бас тартады

Қазақстанда 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап бағаны реттеу алынады. Бұл туралы ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлімдеді.

«2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, арнайы өтпелі кезең береміз. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, доминанттар тізілімінде жоғары шоғырландырылған нарықтарды ғана қалдырамыз. Бұл - бәсекелестігі жеткілікті дамымаған өте жоғары шоғырланған нарық. Ал, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, бағаны еркіндікке жібереміз, бірақ оны күллі әлемде қолданылып жүрген монополияға қарсы реттеу аспабымен алмастырмыз. Яғни, біз баға бойынша сөз байласқан, үстем жағдайды теріс пайдаланған, монополиялық жоғары баға белгілеген жағдайлар үшін жазалайтын боламыз. Бұл өте күрделі жұмыс, десек те күллі әлем осы бағытта әрекет етіп отыр», - деді журналистердің сұрағына жауап берген С. Жұманғарин.

Ол 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, бағаны реттеу монополияға қарсы реттеу аспабына ауыстырылатындықтан алынатынын нақтылады. Сонымен, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, нарық доминаттарының тізілімі жоғары шоғырландырылған (реттелген) нарық субъектілеріне қатысты ғана жүргізілетін болады. Ал, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, тізілім мүлде болмайды.

«Өйткені (кез келген) бағаны реттеу - бұл бизнес үшін кедергі. Экономиканы дамыту үшін бәсекелестікті дамытудан басқа балама жоқ», - деп түсіндірді ол.  

С. Жұмағариннің атап өтуінше, бәсеке - бағаны тұрақтандырудың, кез келген бизнестің негізі.

«Бүгінгі таңда бағаны реттеу құрылымында табиғи монополия субъектілерінен басқа реттелетін рыноктар бар. Бұл теміржол тасымалы, азаматтық авиация (ішкі тасымалдар), газбен және электр энергиясымен қамту, т.б. Жақында біз ішкі әуе қатынастары саласын реттеуден бас тарттық, өйткені төртінші әуе компаниясы құрылған болатын. Сол бағыттар бойынша баға прецеденттері бар. Бағаны реттеуден шығарғанымызға қарамастан келесі күні әуе тасымалында бағаның көтерілуі байқалған жоқ», - деп атап өтті ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін