Жарияланды: 280

2017 жылы Еуроодақта роумингіге төлем алынып тасталады

2017 жылы Еуроодақта роумингіге төлем алынып тасталады

 2017 жылдың ортасына қарай бекітілген жаңа ережелерге сәйкес Еуропалық одақ ішінде роумингіге төлем алынып тасталады. Бұл туралы ЕО Кеңесінің бейсенбі күні таратылған коммюникесінде айтылған.

«2015 жылғы 1 қазанда ЕО Кеңесі 2017 жылдың ортасына қарай Еуроодақта роумингі үшін төлемді алып тастау жөніндегі жаңа ережелерді ресми бекітті», - делінген хабарламада.

Қаулы бірінші оқылымда Еуроодақ елдерінің сауда, экономика және инновациялар мәселелеріне басшылық ететін министрлерінің Брюссельдегі кездесуінде қабылданды.

«Еуропарламент қазан айының аяғында пленарлық отырысында құжат мәтінін мақұлдайтыны күтіледі», - деп атап көрсетілген мәлімдемеде.

Регламент Еуроодақтың ресми журналында жарияланған соң үш күннен кейін күшіне енеді. ЕО Кеңесінің баспасөз қызметі бұл ағымдағы жылғы қарашада болады деп пайымдайды.

Сонымен бірге, заңда алғаш рет пайдаланушылардың интернетке кедергісіз және тең жағдайда қол жеткізілуіне кепілдік беретін жалпыеуропалық ережелер жазылатын болады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін