халықаралық ұйымы Бас ассамблеясының (ИСО БА) 38-отырысына және ИСО дамушы елдерінің мәселелері бойынша комитетінің (DEVCO) 49-отырысына қазақстандық делегация қатысты . Іс-шараға ИСО-ға мүше 162 мемлекеттің өкілдері келді.
ИСО Бас ассамблеясы отырысына қатысушылар Америка, Ямайка, Франция және Африка тәжірибесінің үлгісінде барлық мүдделі тараптардың стандарттау және құрылудың қарым -қатынасын, халықаралық стандарттаудың даму үрдісіне ақпараттандыру және тартылуын арттыру мәселелерін қарады. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес өкілдері арасындағы стандарттау жөніндегі жұмыстар талқыланды. Стандарттау бойынша аймақтық ұйымдардың есептері, 2016-2020 жылдарға арналған ИСО стратегиясының жобалары тындалды, сондай-ақ, ресми жариялау ағымдағы жылдың соңында жүзеге асырылатын ИСО 9001 және 14001 стандарттардың жаңа нұсқалары ұсынылды.
Атап айтқанда, сапар аясында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешев пен ИСО Президенті Жанг Ксиаогангтің кездесуі өтті. Осы кездесудің барысында 2017-2019 жылдар кезеңіне ИСО Кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының кандидатурасы ұсынылды. Бұл Қазақстанға халықаралық стандарттау саласындағы саясатты қалыптастыру кезінде ғаламдық мәселелерді шешу бойынша, сондай-ақ Орталық Азия өңірінде стандарттауды дамытудың мүдделерін ескере отырып, өз идеяларын және әдістемелерін алға бастыруға мүмкіндік береді.

