Жарияланды: 730

719 адамның өмірін қиған Меккедегі қайғылы оқиғаның орын алуына не себеп болды?

719 адамның өмірін қиған Меккедегі қайғылы оқиғаның орын алуына не себеп болды?

Сауд Арабиясында 719 адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаның себептері тергеліп жатыр. Ел билігі бұл қасіретке қажыға келгендердің ережелерді мұқият сақтамағаны себеп дейді.

Жиналғандардың біразы бекітілген қозғалыс кестесінен ауытқып кеткен. Ал сұмдық жағдайды көзімен көрген куәгерлер полицейлердің біліктілігі өте төмен дейді. Олардың айтуынша, тәртіп сақшылары қажылар лагерьлеріне апаратын жолдардың көп бөлігін жауып тастаған. Ал кейбір ақпарат көздері қайғылы оқиға қасында 350 серігі бар саудиялық ханзаданың келуінен кейін болды деп хабарлады. Бірақ ресми билік бұл мәліметті жоққа шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, Меккенің іргесіндегі Мина жазығындағы қасіретті жағдай 24 қыркүйек күні шайтанға тас лақтыру рәсімі кезінде болған, деп жазады 24.kz

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін