Абай Тасболатов Мәжілістің вице-спикері болып сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абай Тасболатов Мәжілістің вице-спикері болып сайланды

Абай Тасболатов Мәжілістің вице-спикері болып сайланды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Мәжіліс Төрағасының орынбасары етіп депутат Абай Тасболатовты сайлады. 

  • 23 Қыркүйек 2015
  • 528
Фото - Caravan.kz


Конституцияға сәйкес, Мәжіліс Төрағасының орынбасарын Палата төрағасы ұсынады. Осыған орай, спикер Қабиболла Жақыпов өзінің орынбасары ретінде Абай Бөлекбайұлы Тасболатовтың кандидатурасын ұсынған болатын. Бұған палата депутаттары бір ауыздан қолдап, дауыс берді. 
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс вице-спикері лауазымын атқарған Дариға Назарбаева ҚР Президентінің Жарлығына орай ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.