Жарияланды: 750

"Абай жолы" сериалында салафиттер қайдан жүр? - Журналист

"Абай жолы" сериалында салафиттер қайдан жүр? - Журналист

Отандық журналист Серік Жолдасбай "Qazaqstan" және "Хабар" телеарналарынан көрсетілген Ұлы Абайға қатысты сериалдарды қатаң сынға алды.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Кеше Мұрат Есжан түсірген Абай жолы сериялын толық көріп шықтым. Шыны керек, "Хабардың" Абайы "Қазақстан" ұлттық арнасы түсірген топтамадан анағұрлым жақсы болып шыққан екен. Қайым Мұхамедхановтан бастап, Мұхтар Әуезов пен Абай Құнанбайұлының тағдыр-тауқыметін режиссер әсерлі суреттеген. Мұраттың алғашқы туындысы осындай сәтті болса, демек одан жақсы режиссер шыққалы тұр.

Бірақ көңілде бір ғана дақ қалды. Оспан мен Күнтудың болыс сайлауына қатысып отырған сақалы бар мұрты жоқ адам кім? Бажайлап қарасаңыз осы күнгі салафиттерден аумайды. Абай заманында салафиттер болды ма? Бұл сұраққа абайтанушы Омар Жәлелұлы,діни қайраткер Қайрат Жолдыбайұлы және дінтанушы Досай Кенжетайжәне де басқа да азаматтар жауап берсе жақсы болар еді?

Мойындау керек, "Абай жолы" сериялы өте сәтті түсірілген туынды. Алайда Мұрат бауырымыз "салафиттер бұрында болған" деп айтқысы келдіме, әйтеуір "сақалы бар мұрты жоқ" адамды көрсетуді ұмытпапты. Тырнақ астынан кір іздеп отырғаным жоқ. Бірақ та мемлекеттік телеарнадан салафизмді насихаттап отырған жоқпыз ба?", - деп жазды ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін