Әбу-Дабиде АҚШ азаматшасын аяусыз өлтірген күдікті ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 490.21
  • 566.93
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әбу-Дабиде АҚШ азаматшасын аяусыз өлтірген күдікті ұсталды

Әбу-Дабиде АҚШ азаматшасын аяусыз өлтірген күдікті ұсталды

Біріккен Араб Әмірлігінде Әбу-Даби полициясы қоғамның қызу талқысына айналған 48 жастағы АҚШ азаматшасының өліміне қатысты күдіктіні тұтқындады. 

  • 5 Желтоқсан 2014
  • 244
Фото - Caravan.kz


Еске сала кетейік, Әбу-Дабиде балабақшада қызмет етіп жүрген АҚШ азаматшасын «Реем Айланд» ауданындағы «Бутик молл» супермаркетінің әйелдер дәретханасында бауыздап кеткен болатын. 

Күдікті дәретханадан шығып келе жатқанда бақылау видеокамераларына түсіп қалғанымен «ниқаб» (мұсылман әйелдерінің көзі ғана көрінетіндей етіп бетін бүркеп алатын киім түрі) киіп алғандықтан оның кім екенін ажырату тергеушілерге қиынға соққан.

Дегенмен, БАӘ құқық қорғау органдарына аталған қылмысты ашуға 48 сағат жеткілікті болды. Сәрсенбі күні Әбу-Даби полициясы 48 жастағы БАӘ азаматшасын өз үйінде тұтқындады.

БАӘ полициясының хабарлауынша, күдікті бірнеше АҚШ азаматшасын өлтіруді жоспарлаған. Ол тағы бір АҚШ азаматын (дәрігер) өлтіру үшін жарылғыш зат қойып кетпек болғанында ұсталып отыр.

БАӘ Премьер-министрінің орынбасары, Ішкі істер министрі шейх Саиф бин Зайед аталған оқиға бойынша өткізген пресс-конференцияда күдіктінің үйінен жарылғыш зат бөлшектері табылғанын айтты. Шейх Саиф өлтірілген және өлтірмек болған адамдардың күдіктімен ешқандай жеке қарым-қатынасы болмағанын атап өтті. Болжам бойынша бұл террорлық мотивтерді басшылыққа алған, БАӘ ұлттық қауіпсіздігін бұзу үшін жіберілген адам болуы мүмкін.

Осыған орай ІІМ басшысы елдегі тыныштықты бұзуға әрекеттенген адамдардың билік қатаң әрі, аяусыз жолын кесетінін ескертті.