Әбу-Дабиде ең ежелгі табиғи меруерт көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әбу-Дабиде ең ежелгі табиғи меруерт көрсетіледі

Әбу-Дабиде ең ежелгі табиғи меруерт көрсетіледі

Абу-Дабидің мәдениет және туризм департаментінің археологтары әлемдегі ең ежелгі табиғи меруертті тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат WAM агенттігіне сілтеме жасап.

  • 22 Қазан 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

«Әбу-Даби маржаны» деген ат берілген меруерт Марава аралындағы неолит қонысынан біздің заманымызға дейінгі 5800–5600 жылдар шамасында пайда болған қатпарлардың арасынан табылған. Бұл жайт БАӘ аумағында меруерттің 8 мың жыл бұрын да қолданылғанын білдіреді. Яғни, меруерт неолит кезеңінде де бағалы әшекей бұйымдар қатарында болған. Марава аралы құнды археологиялық ескерткіштердің бірі саналады. Тарихи тұрғыдан алғанда баға жетпес меруерт Әбу-Даби Луврында 2019 жылдың 30 қазанынан 2020 жылдың 18 ақпанына дейінгі аралықта өтетін «Сән-салтанаттың 10 000 жылдығы» көрмесінде алғаш рет жұртшылыққа көрсетіледі. Айта кетейік, Әбу-Даби маржаны Шейх Заид Ұлттық музейі коллекциясында сақталады.


 
Соңғы жаңалықтар