ӘЧ-2014: Алжир Ресей құрамасының алдын орап, финалдық бәсекелерге өттi - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ӘЧ-2014: Алжир Ресей құрамасының алдын орап, финалдық бәсекелерге өттi

ӘЧ-2014: Алжир Ресей құрамасының алдын орап, финалдық бәсекелерге өттi

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Ресей құрамасы Алжирмен тең ойнап, плей-офф сынына өте алмады.

  • 27 Маусым 2014
  • 382
Фото - Caravan.kz

Айта кетейiк, бұл матчтың алдында Ресейде 1 ұпай, Алжирде 3 ұпай болған. Егер ресейлiктер Алжир құрамасынан басым түскен жағдайда топта екiншi орынмен плей-оффқа өте алар едi. Дегенмен ойындағы есеп 1:1 болды.

Алғашқы голды ресейлiктердiң шабуылшысы Кокорин ойынның 6-шы минутында салды. Дегенмен 60-шы минутта алжирлiктер есептi теңестiре алды. Гол авторы — Ислам Слимани.

Н тобында сонымен қатар Бельгия құрамасы 9 ұпаймен 1/8 финалға шығып отыр.