ӘЧ-2014: Бразилия құрамасының бас бапкерінің орнын Тите басуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ӘЧ-2014: Бразилия құрамасының бас бапкерінің орнын Тите басуы мүмкін

ӘЧ-2014: Бразилия құрамасының бас бапкерінің орнын Тите басуы мүмкін

"Коринтианс" футбол клубының бұрынғы бас бапкері Аденор Леонардо Бакки Бразилия құрамасының бас бапкері Луис Фелипе Сколаридің орнын басуы мүмкін, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

  • 11 Шiлде 2014
  • 385
Фото - Caravan.kz


Ол спорттық ортада Тите деген лақап есімімен танымал.

Айта кетейік, сейсенбі күні Бразилия құрамасы Германия командасынан 1:7 есебімен жеңіліп қалғаннан кейін аталмыш команданың жетекшісі Луис Фелипе Сколари өз болашағына қатысты шешімді әлем чемпионаты аяқталған соң қабылдайтынын жеткізген еді.

Ал бұдан бұрынырақ Бразилия футбол конфедерациясының вице-президенті Делфим Пейшото «Сколари дөрекі қателіктерге жол бергені үшін» ел құрамасынан кетуі тиіс, деген болатын.