ӘЧ-2014: Голландия-Мексика матчы Twitter-де 9 млн-нан астам хабарлама жинады - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ӘЧ-2014: Голландия-Мексика матчы Twitter-де 9 млн-нан астам хабарлама жинады

ӘЧ-2014: Голландия-Мексика матчы Twitter-де 9 млн-нан астам хабарлама жинады

Twitter пайдаланушылары футболдан әлем чемпионатында Нидерланды мен Мексика құрамалары арасындағы матч  кезінде 9,2 миллион хабарлама қалдырған, деп мәлім етті әлеуметтік желінің баспасөз қызметі.

  • 30 Маусым 2014
  • 437
Фото - Caravan.kz

Жексенбі Форталезада өткен кездесу 2:1 есебімен голландиялықтардың пайдасына шешіліп, олар турнирдің ширек финалына шықты. Жеңіске жеткізген  Клаас-Ян Хюнтелаардың пенальтиден соққан голы 263 мың твит жинап, ең көп талқыланған оқиғаға айналды.

Екінші кезекте ойынның нәтижесі сөз болды, оның барысында 239 мың хабарлама жазылды. Сондай-ақ қызу талқыланған оқиғалардың бірі Рафаэль Маркеске көрсетілген сары карточка болды. Оған 232 мың твит жиналды.