ӘЧ-2014: Грекия Кот ДИвуарды «шаң қаптырып, мундиальдiң 1/8 финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ӘЧ-2014: Грекия Кот ДИвуарды «шаң қаптырып, мундиальдiң 1/8 финалына шықты

ӘЧ-2014: Грекия Кот ДИвуарды «шаң қаптырып, мундиальдiң 1/8 финалына шықты

Бүгiн Бразилияда әлем чемпионаты аясында Грекия мен Кот Д'Ивуар құрама командалары плей-оффқа жолдаманы сарапқа салды.

  • 25 Маусым 2014
  • 340
Фото - Caravan.kz

Чемпионат бойы бiрде-бiр гол салмай, 1 ұпаймен топтың соңғы орындарында келген Грекия құрамасы, ивуарлықтар қақпасына алдымен гол салып, плей-оффқа шығар жолдамаға бiртабан жақындаған едi. Гол авторы — Андреас Самарис. Алайда африкалықтардың шабуылшысы Бони Вильфрид 74-минутта есептi теңестiре алды және грекиялықтардың үмiтiн су сепкендей басты.

Бiрақ соңғы секундтарда бас қазы африкалықтардың қақпасына пенальти белгiледi және оны Самарас мүлтiксiз орындап, грекиялықтарды плей-оффқа шығарды.

 Осы ойыннан кейiн Грекия 4 ұпай жинап, әлем чемпионатының плей-офф сынына өте алды. Ол кезеңде Грекия Коста-Рикамен кездесетiн болады.


Айта кетейiк, С тобында Колумбия 9 ұпаймен көш бастап, 1/8 финалға шықты. Оған 4 ұпаймен екiншi сатыға көтерiлген Грекия қосылды. Жапония мен Кот Д'Ивуар доп додасынан тыс қалды.