ӘЧ-2014: Колумбия Жапония құрамасын ойсырата ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ӘЧ-2014: Колумбия Жапония құрамасын ойсырата ұтты

ӘЧ-2014: Колумбия Жапония құрамасын ойсырата ұтты

Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңiнде Колумбия Жапония құрамасын 4:1 есебiмен ойсырата ұтып, 1/8 финалға жолдама алған командалардың қатарына қосылды.

  • 25 Маусым 2014
  • 492
Фото - Caravan.kz

Алғашқы голды Хуан Гуардадо матчтың 17-минутында салған болатын. Синдзи Окадзака бiрiншi таймның соңында есептi теңестiре алды. Алайда Джексон Мартинес ойынның 55-минутында қарсыластар қақпасына доп енгiзiп, өз командасын тағы да алға шығарды. Ал 82-минутта Джексон Мартинес есептi тiптi 3:1-ге жеткiздi. Ал Джеймс Родригес соңғы минуттарда жапониялықтардың қақпасына 4-інші голды салып, жапондықтарды плей-оффқа шығу мүмкiндiгiнен айырды.

Айта кетейiк, С тобында Колумбия 9 ұпаймен көш бастап, плей-оффқа шықты. Оған 4 ұпаймен екiншi сатыға көтерiлген Грекия қосылды. Ал Жапония мен Кот Д'Ивуар осымен жарысты тоқтатты.