ӘЧ-2014: Мундиальда алғашқы тең ойын тiркелдi - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ӘЧ-2014: Мундиальда алғашқы тең ойын тiркелдi

ӘЧ-2014: Мундиальда алғашқы тең ойын тiркелдi

Бүгiн Нигерия құрамасы Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатында Иран командасымен кездестi.

  • 17 Маусым 2014
  • 309
Фото - Caravan.kz

Бұл матчта қарсыластар бiр-бiрiнiң қақпаларына көп шабуылдағанымен, белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзе алмады. Нигерия мен Иран құрамалары бiрде-бiр гол сала алмай, тең тарқасты. Бұл топта Аргентина үш ұпаймен көш бастап келедi. Нигерия мен Иран 1 ұпаймен екiншi орындарды бөлiсуде. Ал Босния және Герцеговина аргентиналық футболшылардан жеңiлiс тауып, бiрде-бiр ұпай жинаған жоқ.

Ендi бiрер уақыттан соң бүгiнгi күннiң матчы Астана уақытымен 04-00-де G тобындағы Гана мен АҚШ арасында өтедi. Кездесудi "Еуразия" Бiрiншi телеарнасынан" көре аласыздар.