АДБ Қазақстан экономикасына 2,5 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция бағыттады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АДБ Қазақстан экономикасына 2,5 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция бағыттады

АДБ Қазақстан экономикасына 2,5 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция бағыттады

Азия даму банкі Қазақстан экономикасына 2,5 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция бағыттады. Бұл туралы бүгін Астанадағы Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 12-ші министрлер конференциясында Үкімет басшысы Серік Ахметов мәлім етті.

  • 24 Қазан 2013
  • 406
Фото - Caravan.kz


«Қазақстанның инфрақұрылымы мен шикізаттық емес секторына инвестиция сала отырып, еліміздің экономикасын жаңғыртуда Азия даму банкі маңызды рөл атқарып жатқандығын атап өткім келеді», — деді С. Ахметов. 

Бұл тұрғыда Үкімет басшысы әріптестік аясында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» ауқымды жобасын ескеріп өтті.

Сонымен қатар Премьер-Министр 2010 жылы АДБ шағын және орта бизнес саласын дамытуға ірі көлемде қарызды ұсынғандығын еске салып өтті. 

Атап айтқанда, ОААЭЫ аясындағы әріптестік 10 мемлекетті қамтып отыр. Онда Ауғанстан, Әзірбайжан, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдері бар. Азия даму банкі ОААЭЫ-ның хатшылығы ретінде 2001 жылдан беріп жұмыс істеп келеді.