Africa Eco Race-2013: «Астана» жол талғамайтын көліктердің Т2 санатында жеңімпаз болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Africa Eco Race-2013: «Астана» жол талғамайтын көліктердің Т2 санатында жеңімпаз болды

Africa Eco Race-2013: «Астана» жол талғамайтын көліктердің Т2 санатында жеңімпаз болды

«Астана» қазақстандық командасының MEBAR М440 көлігіне мінген

  • 10 Қаңтар 2013
  • 360
Фото - Caravan.kz

Қанат Шәгіров пен Александр Мороздың экипажы Africa Eco Race-2013 ралли-рейдінің жол талғамайтын көліктердің Т2 санатында жеңімпаз болды.

Vesti.kz хабарлағандай, барлық автокөліктер арасында жеңімпаз өзі құрастырған көліктің тізгінін ұстаған француз Жан-Луи Шлессер болды. Ол Africa Eco Race-тің жол талғамайтын көліктер сынында жалғыз жеңімпаз болып отыр. Жүк көліктері арасында жеңіске «КАМАЗ-Мастер» командасының Антон Шибалов, Дмитрий Сотников және Евгений Яковлевтің экипажы жетті.

Еске салайық Africa Eco Race-2013 27 желтоқсан күні Францияның Сен-Сиприен қаласында басталды. Раллиге қатысушылар Марокко, Мавритания және Сенегал бойынша барлығы 11 кезеңнен өтті. Жарыс кеше Сенегал астанасы Дакардағы Алқызыл өзенінде аяқталды.