Ағасын өлтіріп, үйді өртеп жіберді деген күдікпен жасөспірім ұсталды
![]() |
Бүгін, 13 қазанда, РФ Забайкал өңірі Хилокский ауданы Хилогосон ауылында полиция туған ағасын өлтірді деген күдікпен жасөспірімді ұстады. |
Оқыс оқиға кеше кешке орын алды. Жасөспірім ағасын бірнеше рет жарақаттап өлтірген, деп хабарлайды ресейлік БАҚ.
Кейін ол үйді өртеген. Ауылдастары қызыл жалынмен күресіп жатқанда 17 жастағы күдікті оқиға орнынан ізін суытқан. Полиция оны ауылдан 5 шақырым жерде ұстады.
Қазір күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін