Аи-80 жанармайы еркін айналымға жіберілуі мүмкін
Отандық шаруалардың арасында ең сұранысқа ие бензин де еркін айналымға жіберілуі мүмкін. Бұған дейін Аи-80 мемлекет бағасын ұстап отырған еліміздегі жанармайдың жалғыз түрі болатын. Енді Үкімет жыл соңына дейін бұдан да бас тартқалы отыр. |
Бағаны өз бетімен өзгертуге жанармай бекеттерінің әзірге құқы жоқ. Себебі бұл бензин түрін қымбаттатуға Министрлер кабинетінің ресми рұқсаты керек-тін. Енді Аи-80-де шарықтап кетуі ғажап емес. Бұл осы бензинді көп тұтынатын аудан-ауылдағы жүргізушілер мен шаруалардың қалтасына салмақ түсірері анық. Ал бағаны қымбатсынатындарға Энергетика министрі шамданып қалды. Владимир Школьник жүргізушілерге қымбат бензинді сатып алмауға кеңес берді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін