Жарияланды: 410

Air Astana Тегеран мен Ұлан-Батырға қатынайтын тұрақты әуе рейстерін ашпақ

Air Astana Тегеран мен Ұлан-Батырға қатынайтын тұрақты әуе рейстерін ашпақ

Air Astana компаниясы 2016 жылдан бастап Алматы-Тегеран және Астана-Ұлан-Батыр бағытына қатынайтын тұрақты әуе рейстерін ашады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«2016 жылы Air Astana Алматы-Тегеран және Астана-Ұлан-Батыр рейстерін ашады. Рейстер аптасына үш рет орындалады», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы ішкі және Бейжің, Үрімші сынды халықаралық бағыттар бойынша ұшу жиілігін арттыру көзделіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін