Ә.Исекешев еліміздің инновациялық дамуына еуропалық гранттардың қосқан үлесін айтты
![]() |
Зерттеулерді қаржыландыру бойынша Еуропалық одақтың «Горизонт 2020» бағдарламасы Қазақстанның инновациялық мүмкіндігін ашуға септеседі, |
деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Астанада өткен « ЕО-Қазақстан: ынтымақтастық арқылы инновациялар» семинарында.
Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
«Горизонт 2020» мен ИИДМБ Қазақстанның инновациялық және энерготиімді болашаққа деген қадамын қарқындата түседі деп үміттенеміз», - деп атап өтті министр.
Ә.Исекешевтің айтуынша, 1992 жылдан қазақстандық ғалымдардың шамамен 300 жаңашылдар тобы 250-ден астам жобаға қатысып, Еуропалық одақтың түрлі бағдарламалары аясында грант ретінде 22 млн. еуродан астам қаражатқа қол жеткізген.
Сонымен қатар, министр зерттеулер мен инновациялар саласындағы ЕО-мен тығыз әрі көпмерзімді өзара әрекеттестік EXPO-2017 көрмесінің сәтті өтуіне ықпалын тигізетінін атап өтті.
Еуропалық одақтың «Горизонт 2020» бағдарламасы - 2014 жылдан 2020 жылға дейінгі зерттеулерді қолдауға арналған жеті жылдық қаржыландыру бағдарламасы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін