Жарияланды: 450

Әйелін өртеп жіберген Қанат Сәдуовтің ісі сотқа жолданды

Әйелін өртеп жіберген Қанат Сәдуовтің ісі сотқа жолданды

Әйелін өртеп жіберген Қанат Сәдуовтің ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметінен.

«ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлімі 5-тармақшасымен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда күдікті танылған Қанат Сәдуовқа қатысты істің сот алдындағы тергеу материалдары ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде ҚР ҚПК-нің 300 бабының тәртібінде кейіннен Астана қаласының қылмыстық істер бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотына  зерттеліп, жолдануы үшін Астана қаласы «Сарыарқа» аудандық прокуратурасына жіберілді.

Қазіргі уақытта прокурор айыптау актін бекітіп, іс қаралу үшін сотқа жіберілді», - деп  жазылған ІІД хабарламасында.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында Қ. Сәдуов Астанадағы №25 мектепте жұмыс істеген әйелін сыртқа шығарып, үстіне жанармай құйып өртеп жіберген болатын. Денесін күйік шалған әйел ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Жедел іздестіру шаралараның барысында Қ.Сәдуов Ақмола облысының Целиноград ауданы аумағында ұсталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін