Әйелінің үстіне бензин құйып өртеп жіберген Қанат Сәдуов ұсталды
![]() |
- Ағымдағы жылдың мамыр айында Қ.Сәдуов № 25 мектептің қасында бұрынғы зайыбының үстіне бензин құйып, оны өртеп жіберген соң, оқиға орнынан қашып кеткен. |
Көп ұзамай әйел алған күйіктерінен ауруханада көз жұмды. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің «Адам өлтіру» фактісімен қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі хабаралады.
Өткізілген жедел-іздеу шаралары кешенінің барысында Астана қалалық ІІД-нің жедел қызметкерлері халықаралық іздеуде болған 43 жастағы Қанат Ғайсаұлы Сәдуовты ұстады.
Полиция қызметкерлерінің ақпаратынша, Қанат Сәдуов туыстарының жекеменшік үйінің жертөлесінде арнайы жабдықталған бөлмеде жасырынған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін