Жарияланды: 540

Айқын бәйбішесіне оралған ба?

Айқын бәйбішесіне оралған ба?

Осы уақытқа дейін 7-8 рет құрамын ауыстырған КешYou тобында тағы да өзгеріс болуы мүмкін.

Тағы бір сері қыздар тобынан бір аруды алып кеткенге ұқсайды. Себебі соңғы кездері КешYou-тобының ресми парақшасында тек Балжан Бидаш пен Назым Әбілдинаның суреттері жарияланып жүр.

Бұл туралы Shine Production-ның YouTube-тегі ресми арнасында хабарланды.

Сондай-ақ, Элизат Берікованың парақшасы суреттерден тазарып шыға келген. Алайда аталған жайтқа қатысты Элизаттың өзі де, оның продюсерлері де пікір білдірмеді.

Есесіне желіде пайда болған кадрларда, Элизаттың орнын топтың бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғали алмастырған. Әнші Айқынға ұл тауып берген Жұлдыз топқа қайта оралды ма әлде тек жоспарланған кештерге қатысып, топқа қол ұшын берді ме, ол жағы белгісіз.

Жұлдыздың өзі қазір шетелде жүргенін айтып, аталған жайтқа қатысты елге келгеннен кейін жауап беретінін айтқан.

                                                                                                                                                        Ақпарат көзі: alashinform.kz

Оқи отырыңыз:

Жақында жазылмайтын жұқпалы ауру таралуы мүмкін – ғалымдар

Павлодарда Рамазан айында күн сайын 100 адамға ауызашар беріледі

Әкесіне қатысты естелігімен бөліскен Айсәуле Бақытбек оқырмандарын жылатты 
 
 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін