«Айрықша қорғаудағы табиғи аумақтарда қандай да бір өндірістік іс-қызметке тыйым салу қажет. Оларды тек рекреациялық және сауықтыру мақсатында ғана пайдалдану керек», — деді президент.
Мемлекет басшысы сонымен бірге «ормандарды өрттерден, заңсыз ағаш кесуден қорғауға, еліміздегі ормандардың аумағын арттыруға ықпалды шаралар қолдану қажет»,- деді. «Біз осынау игілікті іске бізбен бірге біздің инвесторлардың да қатысқанын қалаймыз», -деді президент.
«Ағаш тұқымдарын өсіретін питомник шаруашылықтарының аясын кеңейту, жеке меншік инвестицияны тарту арқылы түрлі мақсатта ағаш тұқымдарын плантацияларда өсіруді дамыту қажет», -деді мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті