Академиктің пайымдауынша, заңсыз жұмыс істейтін Алматыжер жойылуға тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Академиктің пайымдауынша, заңсыз жұмыс істейтін Алматыжер жойылуға тиіс

Академиктің пайымдауынша, заңсыз жұмыс істейтін Алматыжер жойылуға тиіс

АЛМАТЫ. 3 - мамыр. Kazakhstan Today. Академик, заң ғылымының докторы Майдан Сүлейменовтің пайымдауынша, заңсыз жұмыс істейтін Алматыжер жойылуға тиіс, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 3 Мамыр 2007
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Алматыжердің» іс-қызметі заңсыз, және де бұл кәсіпорын жойылуға тиіс», — деп мәлім етті М. Сүлейменов республикалық «Время» газетінде.

Ол өзінің сөзін растайтын бірнеше дәйектер келтіре кетті. Біріншіден, академиктің пайымдауынша коммуналдық кәсіпорын «әкімшіліктің құрылымдық бөлімшесі емес және әкімшіліктің орындайтын функциясын атқаратындығы қисынға жатпайды. «Алматыжер» … бұл әкімшіліктің органы емес, кәдімгі шаруашылық субъектісі. Сондай-ақ, ол «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заңға бағынады. Аталмыш заңда оның функциясының шектелген (өте шектелген) тізімі бекітілген»,- деп түсіндірді ол. Сонымен қатар, ғалым «онда жер телімдерін тәркілеу жөніндегі келісім жасау функциясы жоқ екендігін» атап көрестті.

Екіншіден, М. Сүлейменовтың пікірінше әкімшіліктің жер телімдерін тәркілеуге қатысты функциясын «Алматыжерге» беруі дұрыс емес. «Конституцияға сәйкес әкімшілік мемлекеттік функцияны мемлекеттік емес органға — коммуналдық кәсіпорынға бере алмайды»,- деп түсіндірді заң ғылымының докторы. Сонымен қатар, ол «әкімшіліктің «Алматыжерге» жер телімдерін тәркілеу келісімін жасау құқығын бере алмайды, себебі әкімшіліктің өзінде мұндай құқық жоқ» деп атап көрсетті.

Ол, әкімшіліктің «жерді мемлекеттік қажеттілік үшін тәркілегенде ғана» (жеке құрылыс салушының мүддесі үшін емес) жер телімін тәркілеу туралы келісім жасай алатындығын және де ақшаның мемлекеттік бюджеттен төленетіндігін түсіндіріп өтті. «Ақшаны құрылыс салушы төлеген кезде, әкімшіліктің ешқандай қатысы жоқ»,- деп қосты заңгер.

М. Сүлейменов «Алматыжердің» болуының өзі Жер кодексіне қайшы келетіндігін, 44-бапта әкімшілік құрылыс салу үшін жер телімін берген кезде бұл жер телімінде бұзылатын тұрғын үй болған жағдайда, құрылыс салушы тұрғын үй иесімен өзі келісім жасап, оны әкімшілікке ұсынуға тиіс екендігі нақты бекітілгендігін атап өтті.

Заңгердің пікірінше, «Алматыжерді» жою жұмыстарымен прокуратура мен соттар айналысуға тиіс. «Прокуратура мемлекет атынан заңның нақты және бірдей қолдануына қадағалауды жүзеге асыратын орган ретінде … сотқа «Алматыжер» кәсіпорнын құруға негіз болған әкімшіліктің қаулысына қарсылық білдіруге тиіс»,- деп санайды М. Сүлейменов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті