Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.14
  • 477.05
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Орман және жануарлар дүниесі комитеті "саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына түзету дайындады

  • 22 Сәуiр
  • 25
Сурет: wikimedia

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, «саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік қызметінен ақбөкендер алынып тасталады.

Құжат 8 мамырға дейін ашық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы ақбөкендер санын реттеу тоқтатылғанын хабарлады.

Оның айтуынша, ақбөкендерді ату отандық ғалымдармен және халықаралық сарапшылармен консультациялар мен талқылаулардан кейін тоқтатылды. Сонымен қатар, қыста далада қозғалу қиынға соққандықтан.

«Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеу процесін тоқтаттық», – деді министр.

Болжам бойынша, былтырғы төлді ескере отырып, ақбөкендердің саны шамамен 2,5 – 2,6 млн басты құрайды. Министр келесі жылы аша тұяқты бөкеннің санын реттеу қайта басталуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Соңғы жаңалықтар