Әкесі Димашты қытай қызына “үйлендіріп қойғандарды” заң жүзінде жазаламақ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкесі Димашты қытай қызына “үйлендіріп қойғандарды” заң жүзінде жазаламақ

Әкесі Димашты қытай қызына “үйлендіріп қойғандарды” заң жүзінде жазаламақ

Facebook желісіндегі қалың көрермені бар атышулы топтардың бірі шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан. Автор Димаштың қытай қызына үйленетінін хабарлап, жерден жеті қоян тапқандай жар салған. Өз кезегінде оқырмандардың бір тобы мұның жалған екенін бірден түсінсе, екіншілері неше түрліні жазуда.

Бұл жайт Димаштың әкесі Қанат Айтбаевтың шамына тисе керек-ті, ол саналы түрде жалған ақпарат таратқандарды қылмыстық кодекс бойынша жазалауды сұрады.

  • 25 Қыркүйек 2017
  • 372
Фото - Caravan.kz

Бұл жайт Димаштың әкесі Қанат Айтбаевтың шамына тисе керек-ті, ол саналы түрде жалған ақпарат таратқандарды қылмыстық кодекс бойынша жазалауды сұрады.

“Қазақстан Республикасының Бас прокурорының назарына! Ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мақсатты түрде жалған ақпарат таратып отырған төмендегі сайтты жəне əлеуметтік желідегі топты ҚР ҚК 274 статьясына сəйкес жауапқа тартуды сұраймын! “Жаға ұстатты” тобы, “Жұрт не демейді” тобы”, – деп жазды Қанат Айтбаев желідегі парақшасында.


Соңғы жаңалықтар