"Ахмад Шах қазақ екенімді біліп шақыртты": Исматулла Мақсымның жақтастары оның ескі сұхбатын желілерде қайта таратып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ахмад Шах қазақ екенімді біліп шақыртты": Исматулла Мақсымның жақтастары оның ескі сұхбатын желілерде қайта таратып жатыр

"Ахмад Шах қазақ екенімді біліп шақыртты": Исматулла Мақсымның жақтастары оның ескі сұхбатын желілерде қайта таратып жатыр

Қазақстандық сопылардың "рухани ұстазы" атанған Исматулла Мақсымның қолдаушылары оның түрлі кездесулерін, сұхбаттарын, суреттерін қайта жариялап, белсенділік таныта бастады. 

  • 26 Маусым 2023
  • 20020
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Исматулланың Ауған тәліптерінің дала командирі атанған Ахмад Шах Масудпен түскен суретін және оның құпиясы туралы видеоны  Амангелді Жұмаш есімді желі қолданушысы  жариялаған,  деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы.

"Ахмад Шах Масуд менің қазақ екенімді біліп, мені Кабулден Панджшерге шақыртып алған. 11 күн бойы сыйлап, сыйлығын берді. Ол түнде ұйықтамайды, тахаджуд оқиды. Ол жақта да өсекші адамдар бар. Оны маус деп, Қытайдың патшасының жолында деген. Ол ондай емес, дінге қызмет қылып, күні-түні Құдай деп жылап отырған адам. Мені 11 күннен кейін шығарып салды, мен Кабулге медресеме кеттім. Ахмад Шах Масуд кім Құдайдың жолына, кім елге жамандық ойласа, соның жауы еді. Отанын қорғаушы еді, оның басқа ниеті болған жоқ. Бүтін елі сыйлайтын батыр жігіт, өте керемет адам еді. Оның мінез-құлқы жібек десең жібек еді. Суретті қарасаңдар мен бір қол беріп тұрмын, ол екі қолымен алып, сондай атағымен еңкейіп тұр ", — деді ол.

Сондай-ақ Исматулла Мақсым өзін Ахмад Шахпен бірге соғысқа қатысып, командирлерінің бірі болды деп айыптайтындарға да жауап берді. 

"Құдай сақтасын, 11-ақ күн қонақ болдым. Мен медреседе жігіттерді тәрбиелеп жатқан адаммын. Мені бәрі сыйлайтын. Қарумен көрсетіп тұрғаны, өзіміздің шәкірттер сурет алайық, естелік болсын деп алынған зат. Атысып тұрған жоқпыз, тек қолда ұстап тұрмыз. Ол кезде барлық адамда қару бар. Соғыстан қорғанып жүретін. Біз де соның ішінде жүргенбіз. Мен тек Құдайдың Мәһди деген құлының құлтыритімін. Ол кісі бүгін болсын, ертең болсын Құдай шығарғанда шығады. Сол шыққанда әлем Алланың нұрына қанады. Сол кезде біздің елімізді бүкіл дүниеге үлгі қылсын деп тілеймін" — деді Исматулла Мақсым. 


Айта кетейік, 2011 жылы "сопылық ағымның жетекшісі"  Исматулла Мақсұм 14 жылға сотталған еді. 14 жылдың 9 жылын өтеген соң елден кеткен болатын.   

Көпшілік Исматулла жақтастарының соңғы кездегі тым белсенділігінің астарында қандай сыр жатыр деп алаңдаулы. 

 

Соңғы жаңалықтар