Ахметов ісі бойынша куәгер Қарағанды индустриалдық саябақ нысандарын салу кезіндегі заң бұзушылықтар туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ахметов ісі бойынша куәгер Қарағанды индустриалдық саябақ нысандарын салу кезіндегі заң бұзушылықтар туралы айтты

Ахметов ісі бойынша куәгер Қарағанды индустриалдық саябақ нысандарын салу кезіндегі заң бұзушылықтар туралы айтты

Қарағанды облыстық сотында Серік Ахметов пен басқа да жоғары лауазымды шенеуніктердің қылмыстық ісі бойынша

  • 21 Қазан 2015
  • 550
Фото - Caravan.kz

куәгерлердің тыңдауы жалғасуда. Куәгер ретінде Қарағанды индустриалдық саябағының инженер-сметашысы Елена Грязнова сөз сөйледі.

Е. Грязнова Қарағанды индустриалдық саябағы аумағындағы инфрақұрылымдық нысандарды салу барысындағы ақша жымқыру эпизоды жайында айтты.

 «Бастапқыда шаруашылық тұрмыстық ағындарды тазалау стансасы құрылысын 2010 жылы жазда оң қорытынды алған, мемлекеттік сараптамадан өткен «Сәулет» ЖШС әзірлеген жобалау-сметалық құжаттама бойынша жүргізу жоспарланған. Кейін жұмыс үрдісінде технология өзгертілді», — деді Е. Грязнова.

Бұдан бұрын сот талқылауы барысында жабдықты ауыстыру мәселесін «Центрстрой-комплект НС» ЖШС мердігерлік ұйымы  көтергені белгілі болды. Мұны осы эпизод бойынша айыпталушылардың бірі Әлжан Ақмолдаев айтты.

Еске салсақ, Әлжан Ақмолдаев Серік Ахметовтің қамқорлығының арқасында оның компаниясы Қарағанды индустриалдық саябағында инфрақұрылымдық жобаларды салуға тиімді қосалқы мердігер алғанын айтқан.


 «Маған бастапқыда «Каскад» жобалау бюросы, сосын басқа фирмалар әзірлеген жаңа жобаға жобалау-сметалық құжаттама тексеруге бірнеше рет ұсынылды. Тексеру үрдісінде көптеген мәселелер, сәйкессіздіктер туындады, оның ішінде сметалық нормативтік база қолдану, жабдық құнын қолдануға қатысты (…). Қызметтік жазбаларда басшылықты жүргізген жұмысым жайлы, бірнеше рет тексеруге келген жобалау-сметалық құжаттама құрамындағы анықталған сәйкессіздіктер жайлы хабардар еткенмін», — деп хабарлады   Е. Грязнова.