Жарияланды: 270

Ахметов сотында күдікті шенеуніктің қолына кісен салынды

Серік Ахметов ісі бойынша тергеліп жатқан экс-шенеуніктің қолына бүгін зот залында кісен салынды. Бұрынғы қала әкімінің орынбасары Айдар Телғарин ешқайда кетпеу  туралы  қолхатпен  жүрген болатын.

Оған Телғаринннің қызуқанды мінезі себеп болыпты. Экс-шенеунік тергеу кезінде айыптаушы тараппен салғыласып судьяның сөзін бөлгендіктен үнемі ескерту алып жүретін. Ал бүгін, процестегі үзіліс кезінде куәгердің бірімен сөзге келіп, жанжал шығарыпты. Осы қылығынан соң прокурорлар сотқа арызданып судья қамауда отырсын деген шешімді дем арада шығара салды. Осылайша, жер қатынастары бөлімін басқарған тұстағы былықтарымен шатылып жатқан экс-шенеунік, қамауда отырған Бауыржан Әбдішев және Мейрам Смағұлов сынды үзеңгілестерінің қасына кетті.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін