Жарияланды: 470

Ахметовтың ісі бойынша жалған мәлімдеме бергені үшін куәгерді жазалауы мүмкін

Ахметовтың ісі бойынша жалған мәлімдеме бергені үшін куәгерді жазалауы мүмкін

Қарағанды облысы сотында Серік Ахметов және басқа да бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің қылмыстық ісі бойынша куәгерлерді тыңдау жалғасуда.

Сот талқылауы аясында іс бойынша куәгерлерге қысым көрсеткені үшін атына айып тағылған тергеуші сөз сөйледі. 

Еске салсақ, бұған дейін бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтке қатысты қылмыстық іс эпизодтарының бірі бойынша куәгер Анар Мақсұтова сотқа дейінгі тергеу барысында одан алынған айғақтардан бас тартқан болатын, сот отырысы уақытында мұны ол жауап алу кезінде оны қорқытып, қысым жасалғанымен түсіндірген. 
Осы факті бойынша айғақты дәлел беру үшін осы жауап алуды жүргізген Қарағанды облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің аса маңызды іс бойынша тергеушісі Бұлан Рахымжанов шақыртылды.
«Алдын ала тергеу барысында куәгер ретінде Мақсұтовадан жауап алу қажеттілігі туындады, мен Мақсұтова мен оның адвокаты Журавлевке қоңырау шалдым. Оларға қолайлы уақытты келісіп, олар 28 желтоқсанда сағат 13.30-да департамент ғимаратына келді. Олардың 3 қабатта орналасқан өзімнің қызметтік кабинетіме ертіп келдім. Мен, адвокат Журавлев, Мақсұтовадан басқа кабинетте ешкім болған жоқ. Мақсұтовадан жауап алу барысында ол мәжбүрлеусіз өз еркімен қойылған сұрақтардың барлығына жауап берді. Бұдан басқа, жауап алудың алдында Мақсұтоваға куәгердің құқықтары мен міндеттері (оның ішінде тергеуші, прокурор, соттың әрекетіне шағымдануға қатысты) түсіндірілді. Сондай-ақ, оған көрінеу жалған айғақ бергені және айғақ беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертілген», - деп хабарлады Б. Рахымбеков.
Талқылау барысында жауап алынғаннан кейін Анар Мақсұтова мен оның адвокаты қол қойған хаттама жасалғаны анықталды.
Отырысқа қатысқан Анар Мақсұтова өзін қамап ұстады деп отырған жертөлені сипаттап бере алмады. Ол есінде қалмағанын айтып отыр, дегенмен тергеушінің сөзін жоққа шығарды. Сондай-ақ, А. Мақсұтова прокуратураға бұрын неліктен шағымданбағанын, қысым көрсетілгені жөнінде тек сот барысында мәлім еткені туралы да айтпады.
«Жауап алу кезінде Мақсұтоваға ешқандай қысым көрсетілген жоқ, 28 желтоқсан күні жауап алу жүргізілді, ол видеоға түсірілген жоқ. Жауап алу қылмыстық-процестік кодекске сәйкес жүргізілді. Жауап алу жүргізілген орын хаттамада көрсетілген, ешкім де Мақсұтованы жертөлеге түсірген жоқ, жауап алу процесіне ешкім де араласпады. Сонымен қатар, Мақсұтованың жауабы шындыққа жанаспайтынын, ол өтірік айтып отырғанын мәлімдегім келеді. Осыған байланысты оны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз түсіру құқығын сақтап қаламын», - деді Б. Рахымжанов.
Осыдан соң айыптаушы тарап сот төрағасынан көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін Мақсұтоваға қатысты қаулы қабылдап, тиісті шара қолдану үшін Қарағанды облысының прокуратурасына жолдауды сұрады.
Осы мәселе бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін