Журналист аталған ойын желідегі парақшасында жазды.
«Семейдегі өртте қаза болған 15 орманшыға мемориалды тақта қойылыпты.
Тып-тыныш, елеусіз ғана “Семей орманы” резерваты қызметкерлерінің қатысуымен өткен. Ресторан ашылса да шапқылайтын, лента кескіш әкімдер төбе де көрсетпепті. Осындаймыз», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары да әкімдік өкілдерінің айтулы шараға қатыспауына шүйліккен. Олар:
«Семейде қасқайтып тұрып құтқарушылар аллеясын ашуға болар еді ғой», «Әкім қайда жүр екен сонда?!», «Біз қазақ осындаймыз» деп жазды олар.