Алакөлдің инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен 600 млн теңге бөлінді
![]() |
Алакөл көлінің инфрақұрылымын дамыту үшін республикалық бюджеттен 600 млн теңге бөлінген. |
Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласында ресми филиалын аша отырып, сол алаңда алғашқы брифинг өткізген ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев мәлім етті.
«Жетісу өңірі сұлу табиғатымен ерекшеленетінін білесіздер, сондықтан, біздің облыс туризм саласымен көзге түседі. Осы айдың сегіз айында туризм саласында жақсы нәтижелер көрсеттік. Сегіз айда ақылы туристік қызметтердің көлемі 1,5 млрд теңгеден асты. Қызмет көрсетілген туристер саны 150 мың адамнан асқан. Биыл туристер көп барған орын - Алакөл болды. Біз «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен уағдалыстық бойынша Алматы қаласынан Көктұма станциясына дейін тікелей пойызды субсидияладық. Облыстық бюджеттен бұл жұмысқа 67 млн теңге бөлінді»,-деп хабарлады әкім орынбасары.
С.Тұрдалиев сондай-ақ, Алакөлдің инфрақұрылымы күрделі жөндеуді және дамытуды қажет ететінін жасырмады.
«Алакөл маңындағы инфрақұрылымды дамыту керек Алакөл жағасындағы инфрақұрылымды жақсарту үшін республикалық бюджеттен «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 600 млн теңге бөлінген. Жергілікті бюджеттен 307 млн теңге жол салуға бөлінді. Сондықтан, келесі демалыс маусымында Алакөлдің инфрақұрылымы әлдеқайда жақсы деңгейде болады. Сонымен қатар, Үшарал қаласының әуежайында жаңа терминалдың құрылысы жүріп жатыр,-деп хабарлады ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін