Алаяқтар басқа адамның атына несиеге көлік алып, Ресейге сатып отырған
![]() |
ШҚО-ның екі тұрғыны бөтен адамның атына автонесие рәсімдеп, алған көліктерін үстеме баға қосып Ресейге сатып отырған. |
Ақшаны олар өздеріне қалдырып отырған. Осылайша екі алаяқ жеңіл жолмен 76 миллион теңгеге жуық ақша тапқан, деп жазады YK-news.kz.
Ер адамдардың бірі 30-да, екіншісі 27-де. Бұған дейін қылмысқа қатыстары болмаған. Бұндай іспен дәл қай жылдары айналыса бастағаны белгісіз. Алайда 2014 жылдың өзінде олардың қатысы бар 13 алаяқтық іс анықталды.
Ер адамдар таныстары арқылы ақшаға мұқтаж адамдарды тауып жүрген. Оларға мынадай ұсыныс айтқан: өз атына автонесие рәсімдеп, көлікті оларға береді. Ал олар болса бқл көлікті тез арада қымбаттырақ бағаға сатып, түскен ақшамен қарызды жабады. Несиені неге өз аттарыңа алмайсыңдар деген сұраққа олар өздерінде де несие барын айтып түсіндірген.
Бұндай іске қатысқаны үшін олар «серіктестерін» 300 мыңнан 1 миллионға дейін ақша түсіруге болады деп дәмелендірген.
Көліктер Өскеменнің көлік салонынан сатып алынған. Қарыз алушы өзін жоғары лауазымды қызметте істеймін деп алдаған. Банкте табысты растайтын құжатты қажет етпегендіктен несие оңай беріліп отырған. Алаяқтар адамдарға несие ресімдейтін менеджерге беру үшін телефон номерлерінің тізімін ұсынған. Бұл телефондарға менеджер адамдың жеке басын анықтау үшін хабарласқан. Кейде несиеге алған көліктерді кепіл зат ретінде қалдырып отырған. Кейде көлікті рәсімдеуге берілетін алдын ала жарнаны өз қаражатарынан беріп отырған. Көлікке ие болған олар байланысқа шықпай қояды. Алынған көліктерді Ресейге алып шығып, қымбат бағаға сатып отырған. Түскен ақшаны екеуі бөліп алып отырады.
Алаяқтар кезекті ісін жасап жатқан кезде оларға тағы біреу қосылады. 24 жастағы Риддер тұрғыны осыған дейін бұзақылық үшін және ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған болатын.
Алаяқтардың кесірінен Өскемен банктері 76 миллион теңгеден астам қаражатты жоғалтқан. 13 қымбат көлік (өткен жылғы курспен есептегенде құны кем дегенде 20 мың АҚШ доллары) Ресейге өтіп кеткен.
Сот залында алаяқтардың ешқайсысы жасаған істерін мойындамады. Олар тек адамдарға несие рәсімдеуге көмектескенін айтты. Алайда сот алаяқтарға қатысты айғақтар тауып, дәлелдеп шықты.
Өскемен қаласының №2 соты оларға жалпы режимдегі колонияда 5 жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы және мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды. Апелляциялық және кассациялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін