Алдағы күндері күн суытады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы күндері күн суытады

Алдағы күндері күн суытады

Синоптиктер 2018 жылдың 7-9 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. 

  • 6 Маусым 2018
  • 40
Фото - Caravan.kz

Қысқа мерзімді жылудан кейін температураның төмендеуі күтілуде, деп хабарлайды Caravan.kz Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазақстанның жақын күндеріндегі ауа-райын Поволжье мен Оңтүстік Орал аудандарынан жылжып келе жатқан  атмосфералық фронттар қалыптастырады. Олардың ықпалынан республиканың солтүстік жартысында кей жерлерге өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күн күркіреу кезінде дауылды жел күшейіп, ауа температурасының төмендеуі күтіледі.    

Қазақстанның оңтүстік жартысының кейбір аудандарына сондай-ақ  өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Ыстық босаңсып, күндізгі температура +30+39-дан +25+30 дейін төмендейді.  

2018 жылғы 6 маусым сағат 12.00 — 7 маусым сағат 20.00 дейінгі аралықта күтілетін желдің күшейуіне байланысты Батыс Қазақстан облысында дауылдық ескерту жарияланған. 6 маусым күндіз Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді.

Орал қаласында 6 маусым күндіз найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді.  


7 маусым  Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді.

Оқи отырыңыз:

Forbes Головкиннің табысын есептеді

Осы жазда мыңнан астам қазақстандық жетім бала Астанада болып қайтады

Қайтып келетініне сенемін: Марқұм Томирис Байсафаның анасының жазбасы жұртты жылатты

 

 

Соңғы жаңалықтар