Алдағы үш күн ауа райы суытып, 5 градус аяз болады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы үш күн ауа райы суытып, 5 градус аяз болады

Алдағы үш күн ауа райы суытып, 5 градус аяз болады

Қазгидромет мамандары 10-12 қазанға арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды.

  • 9 Қазан 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде күн райы тез өзгереді – жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) жауып, оңтүстікте күн жаңбырлы, жел күшейеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 5 аяз — 7 жылыға дейін, күндіз 5-18 градус жылыға дейін, солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта түнде 5 градус аяз — 5 градус жылыға дейін, күндіз 5 — 13 жылыға дейін төмендейді.